21.06.2024, 13:00
Оқылды: 292

Казталов тұрғыны ауласында жылыжай баптап, көкөніс өсіреді

Көктем шығысымен ауыл тұрғындары ауласындағы жерін дайындап, көкөніс баптап, бақша салуға қамданады. Қалаға базарларында жұрт көшетті таласып алып жатады.

3C16AB24-AD6C-43B2-8B1F-40BB151D4E81

Дегенмен, ерте көктемде, яғни, қыс аяғында үйіне арнайы ыдыстарға тұқым сеуіп, оны күн жылынған кезде бақшаға егетіндер де жоқ емес. Біздің өңірімізде ауласына жылыжай жасақтап, көкөніс егетіндер де бар. Аз болса да ұшырасып қалып жатады.

Күні кеше Казталов ауданы әкімінің орынбасары Рашид Иманғалиевпен бірге Талдықұдық ауылына барған сапарымызда осындай бір жылыжайды өз көзімізбен көріп қайттық. Ауласынан жылыжай салып, қияр өсіріп отырған талдықұдықтық Марат Иманғалиевтің бұл ісі көпке үлгі болмақ.

1B73D786-67D9-40D0-993F-CD1D8886D9BB

Шамамен ұзындығы 12 метр, ені 3 метр жерге соғылған жылыжай іші көкөністің өсуіне қалыпты температураны бейімдейді. Тек уақытында суаруды ұмытпау керек.

Мараттың өзі үйде жоқ болғанымен, оның анасы, аудан халқына жақсы танымал Айсұлу апамыз алдымыздан шықты. Оның айтуынша, ұлы осы жылыжайды салуға мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Аңқылдаған апамыз бізді жылыжай өнімінен дәм татқызды. Осы жылдың сәуір айында іске қосылған жылыжайда қияр егіліп, өнімін ауыл халқына сатылып жатыр. Керемет іс емес пе?!

ACC87FE3-04F9-4A3A-AD6E-7F14FE277DEF

Бір отбасына табыс кіргізіп жатқан осындай жылыжайды әр азамат өз ауласынан салып алуға мүмкіндік көп әрі мемлекет тарпынан да қолдау бар. Ойланып, іске асыруға болады. Тек ерінбейтін азамат болсын дейміз.

Нұр Рахман

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале