Қыркүйек басталғалы елдегі тойға дайындық басталғандай. Аудан Сырым Датұлының 280 жылдығы мен Жаһанша Досмұхамедовтің 135 жылдығына тек іс-шараларға, рухани дайындыққа ғана көңіл бөліп қоймай, жаппай тазалықты да қолға алғалы қашан?!
Бүгінгі сенбіліктерде әрбір мекеме қызметкерлері мен бөлім басшылары аудан орталығы Жымпитыдағы мейрамханалардың маңын, “Qazaq oil” жанар-жағармай бекетінің алдындағы арам шөптерді тазалап, “Жолаушы” кафесінің жанындағы сай-саланы, мектептер аулаларында абаттандыру жұмыстарына қызу кірісіп кеткен.
Сырым еліндегі тойға тек мәдениет пен әкімдіктер ғана емес, ауылдың тұрғындары мен мекеме қызметкерлері де білек сыбанып, дайындық үстінде.
А. Амангелдина,
Сырым ауданы