24.09.2022, 0:19
Оқылды: 58

Жымпиты тойға дайындық үстінде

Қыркүйек басталғалы елдегі тойға дайындық басталғандай. Аудан Сырым Датұлының 280 жылдығы мен Жаһанша Досмұхамедовтің 135 жылдығына тек іс-шараларға, рухани дайындыққа ғана көңіл бөліп қоймай, жаппай тазалықты да қолға алғалы қашан?!
image-23-09-22-11-21-3
Бүгінгі сенбіліктерде әрбір мекеме қызметкерлері мен бөлім басшылары аудан орталығы Жымпитыдағы мейрамханалардың маңын, “Qazaq oil” жанар-жағармай бекетінің алдындағы арам шөптерді тазалап, “Жолаушы” кафесінің жанындағы сай-саланы, мектептер аулаларында абаттандыру жұмыстарына қызу кірісіп кеткен.
image-23-09-22-11-21-6
Сырым еліндегі тойға тек мәдениет пен әкімдіктер ғана емес, ауылдың тұрғындары мен мекеме қызметкерлері де білек сыбанып, дайындық үстінде.
image-23-09-22-11-21-7
image-23-09-22-11-21-8
А. Амангелдина,
Сырым ауданы​
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале