2.03.2023, 10:30
Оқылды: 25

Жымпитыда бас киіз үй тігілді

Наурыз айының алғашқы күні Жымпитының орталық алаңында Сырым ауданының бас киіз үйі тігілді. Түркі халықтарының жаңа жылы – Наурыз мерекесінің елең-алаңында шаңырақ көтеріп, той дабылын қағу – Сырым елінде қалыптасқан дәстүр.

7C01135C-7B3E-415B-91B6-EA99A458E0F8

Бас киіз үйдің жанында Алғыс айту күніне орай «Алғыс – ең асыл сөз!» атты мерекелік концерт өтті.

– Сахнада әнші, жыршылар өнер көрсетті. Халыққа көже ұсынып, ыстық бауырсақ пен палау тараттық. Ақсақалдар «Наурыз құтты болсын! Қыстан түгел шығайық!» деп бата жасасты. Жігіттер қол күрестіріп, балалар асық ойнауда. Қазақ даласының салтанаты осындай болуы тиіс, - дейді «Демалыс орталығы» МКҚК директоры Эльдар Әубәкіров.

Ақ орданың жанындағы той дүбірі Наурыз бойына жалғасады.

0BB93997-D5A6-4C19-A651-6E6A5D698299

588F1B16-2B22-48AD-AAD9-DD1304CCCE97

3 наурыз күні Сырым ауданында Алашорда үкіметінің 105 жылдығы мен Алаш қайраткері, педагог, дәрігер Халел Досмұхамедовтың 140 жылдығына орай «ДАЛАГЕР/DALAGER» аймақтық этнофестивалі өтеді. Ақжайық өңірі мен Атырау аймағының ең дүлдүл әншісі, ең белді балуаны және ең жүйрік ақыны Жымпитыға жиналмақ.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале