1.04.2023, 8:32
Оқылды: 36

Жымпитыда сенбілік басталды

Кеше Сырым ауданының орталығы Жымпитыда көктемгі көпшілік сенбілік жұмыстары басталды.
 Мекеме қызметкерлері аудан орталығының көшелерін, аудандық аурухана айналасындағы сай-сала, Сарой ауылына шығар жолдың, телемұнара, мал моласына барар жолдың, полигон айналасын қоқыстан тазартты.
image-01-04-23-12-12-4
image-01-04-23-12-12-1
Сенбілікте пластикалық құтылар, шөлмектер, целофандар шығарылса, одан бөлек көшелердің маңынан тұрмыстық қалдықтар, бау-бақша қалдықтарын да тұрғындар сай-саланың қойын-қонышына толтырып кеткені қынжылтады.
image-01-04-23-12-13-2
Аталған санитарлық тазалығына орай алғашқы сенбілікке 50-ге жуық мекемеден 180 -ге жуық адам қатысты.
image-01-04-23-12-13-1
image-01-04-23-12-12-3
- Алғашқы сенбілікте аудандық аурухана, білім беру бөлімі, шығармашылық орталығы, саз мектебі, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі, аудандық жер қатынастары секілді бірақатар ұжымдардың толықтай келіп, жауапкершілік ала білгендігін тілге тиек ету керек. Аталған мекемелер сенбілікке немқұрайлы қарайтын мекемелерге үлгі боларлықтай, - дейді Жымпиты ауылдық округінің жетекші маманы Тұрар Камалов.
image-01-04-23-12-12
Иә, ауданда мекемелердің тазалық жұмыстарына салғырт қарамай, әріптестеріне үлгі болар ұжымдар жетерлік. Алайда, ауданның тазалығы, айналамыздың айнадай болуы үшін мекеме қызметкерлері ғана емес, ауылдың тұрғындары да үн қосып, білек сыбанса деген ойдамыз.
А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы 
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале