Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық жарыс өтті.

Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар қатысып, олар бірнеше спорт түрлері бойынша бақтарын сынады. Атап айтқанда, дойбы (ерлер мен әйелдер арасында), асық ату, қол күресі (ерлер мен әйелдер арасында), арқан тарту және дартс түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Әр команда құрамында 5 адамнан болды.

Жарыс жеңімпаздарына диплом, медаль және ақшалай сыйлықтар табысталды. Мұндай іс-шаралар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамға белсенді араласуына және спорт арқылы өздерін дамытуына зор мүмкіндік берері сөзсіз.
Қоңдыкер Елеуов,
Сырым ауданы