3.09.2024, 23:00
Оқылды: 158

Жымпитыда су өткелдері жаңартылып жатыр

Сырым ауданында су тасқынының салдарын жою мәселелері тиянақтала келді. Тамыз айында баспанасы тұруға жарамсыз жанұялар үшін салынған 114 үй пайдалануға берілді. Енді Жымпиты ауылдық округінің ішінде су өткелдері жаңартылуда. 

IMG_4527 (1)

Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиевтің айтуынша, ауылда қар мен жаңбыр суы іркілетін 5 нүктеге суағар орнатылды.

Атап айтсақ, С.Сейфуллин, А.Байжанов, С.Датов және көктемде көл тұнатын Б. Қаратаев пен Амангелді көшесінің қиылысындағы өткелдердің құбыры ауыстырылды.

Бұрғылау және құбыр салу жұмыстарын “Trust drilling servise” ЖШС жүргізді.

Жоба құны – 2,6 млн теңге.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале