18.07.2025, 11:45
Оқылды: 235

Жымпитыда «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

«Таза Қазақстан» акциясы - біркүндік шара емес. «Таза Қазақстан» - патриоттық түсінік, отаншылдық сезім, қоғамдық жауапкершілік сияқты құндылықтарды тоғыстырған акция. Бұл қозғалысты Сырым ауданы жаз айларында да жалғастыруда. 

IMG_4271

Былайғы уақытта күннің ыстығында да, суығында да күрек-кетпендерін жерден айырмай, айналаның шөбін отып, тырмалап, сыпырып жүретін азаматтарды жиі көреміз.

Бірақ,  ауыл тазалығы - тек қоғамдық қызметтегі адамдардың мойынындағы міндет деп түсінсек қателесеміз.

Бүгін, бірқатар мекеме қызметкерлері Жымпиты көшелеріне шығып, шөптерді шауып, айналаны әктеп - сырлап, еңбек адамдарының жарты жұмыс күнін бөлісті.

Әсіресе, орталық алаңның ажары кіріп қалды. Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев ауыл тазалығына атсалысқан әр тұрғынға ризашылық білдіретінін, жалпыхалықтық сенбілік дәстүрлі сипат алуы керектігін айтты.

 

Б. Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале