Бүгін Сырым ауданы орталығы Жымпитыда жаңажылдық кеш өтті.
Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов жерлестерді жаңа жылмен құттықтап, ескі жылдың қойнауында қалып бара жатқан бірқатар атқарылған игі істерге тоқталды.
- 2023 жыл еліміз үшін жемісті болды. Соның ішінде қазақстандықтар саны 20 миллион адамға жетті. Сонымен қатар, ауданда да жаңа нысандар пайдалануға беріліп, ел игілігі үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Келер жылдан да күтеріміз көп. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын бастысы,- деді аудан әкімі.
Жаңа жылдық кешті аудандық демалыс орталығының өнерпаздары әнмен әрлеп, жиналған тұрғандар арасынан карнавалдық киім киген жандарға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Жаңа жыл кешінің әдемі нүктесі отшашумен қойылды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz