6.09.2021, 9:34
Оқылды: 67

Жымпитыда жексенбілік жүгіріс өтті

Сырымдық "Syrym Runners" желаяқтары жексенбілік демалысты жүгірумен өткізді.

1630831589996

Жымпиты-Қаратөбе бағытын бетке алған әуесқой желаяқтар алдағы жексенбіден бастап аудан орталығындағы "Қайсар" спорт клубының алдына жиналып, жүгіруге ниетті жандарды салауатты өмір салтын сақтап, бұқаралық спортты дамытуға шақырады.

1630834136322 (1)

- Жексенбі күні тек жұмыстан демалып қана қоймай, денсаулыққа да көңіл бөлген жөн. Бұқаралық спортқа үлес қосып, денеңді шынықтыру үшін кәсіби спортшы болу шарт емес. Кез келген жастағы аудан, ауыл тұрғыны біздің қатарымызға қосылып, бой сергітсе, нұр үстіне нұр болар еді?! - дейді топ мүшесі Аян Жоламанов.

 

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале