26.08.2024, 17:45
Оқылды: 48

Жымпитының бір көшесіне 112 жарықшам орнатылды

Осыған дейін жазғанымыздай, Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккендер үшін арнап салынған 114 үй толықтай иелеріне тапсырылды.
B264F703-94B1-4C95-BA9D-9F2A24E2DD6E
21 тамыздағы қоныстойға негізгі демеуші  –  «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішов қатысты.
Төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру жұмыстарынан бөлек, Сырым ауданында елді мекендерді дамытуға байланысты жоспарлы шаралар да уақтылы атқарылып жатыр. Мәселен, биыл Жымпиты кентіндегі Алашорда көшесінің бойына жаңадан 112 жарықшам орнатылды. Жобаның құны – 80 млн 864 мың теңге.
Бір көшеге осынша бағана мен шамның қойылуы тегін емес. Алашорда даңғылы Самара–Шымкент күрежолының бойында жатыр. Халықаралық автомагистраль арқылы аптасына 9 000 көлік өтеді.
Алашорда көшесі – Жымпитының қақпасы, елдің бейнесі.
Қазіргі уақытта аудан орталығы әр мейманын сарбаздай тізілген бағаналармен, самаладай шамдармен қарсы алады.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале