Кеше "Жыр өзегі - Жәнібек" атты аудан тойының 100 жылдығы құрметіне аймақтық-республикалық ақындар айтысы өтті.
Аталмыш жыр додасына облыс, республикаға танымал Ж.Мусина, Б.Байтуов, М.Мирланов, А.Бисенғалиев, Ш.Тұрсын, Б.Ширмединұлы және өзге де танымал айтыскерлер мен халықаралық, республикалық айтыстардың жүлдегерлері қатысты.
Ақындар ішінен суырылып шығып жерлесіміз Бауыржан Ширмединұлы Жәнібек жұртының ыстық ықыласына бөленіп, отты жырларымен еркін көсіліп, бас жүлдені қанжығалады.
Финалдық кезеңде Бауыржанмен сөз қағыстырған шымкенттік Біржан Байтуов ІІ орын иеленді.
Одан бөлек, жерлестеріміз Қуаныш Қапанов пен Мақсат Тұяқ та айтыстың шырайын келтіргенін айта кету керек.
А.Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz