12.12.2024, 11:45
Оқылды: 23

«Зорлық-зомбылыққа қарсы күресу әр азаматтың борышы»: тасқалалықтар акцияға белсенді қатысты

Қазіргі таңда еліміз бойынша 25 қарашада басталған «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік акциясы аяқтала келді.

зорлық зомбылық 1

Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін күшейту.

Жыл сайын өтетін аталмыш науқаннан Тасқала аудандық полиция бөлімі де қалыс қалмады. Олар өздерінің жұмыс жоспарына сай мектептер мен сауда орындарында болып, түсінік жұмыстарын жүргізіп, арнайы буклеттер таратты.

Одан бөлек Тасқала аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі А.Жұбатов пен ЖПҚБ КТІЖ аға УПИ полиция капитаны Э.Тапалов, ЖПҚБ УПИ көмекшісі, полиция кіші лейтенанты Н.Балгужина мен жастар ресурстық орталығының теолог маманы А.Кенесов «Сәулет» мектеп лицейінде болып оқушылармен кездесті. Онда құқық бұзушылық, жол қауіпсіздік ережелері, буллинг, кибербуллинг және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Құрметті оқырман, мұның барлығы тектен-тек жасалып жатқан дүние емес. Бұл тақырып ең өзекті тақырып. Өйткені бүгінде әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заңбұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселеге айналды. Отбасындағы жанжалдың  кесірінен болатын қылмыстардың жиілеп кетуіне қоғам алаңдаулы. Әрине, оның басты себептері маскүнемдік, жұмыссыздық, сонымен қатар тұрмыс жағдайының ауырлығы. Қала берді жапа шегетін әйелдер тағы бар.

Сондықтан, әр тұрғын қоршаған ортада болып жатқан мән-жайларға бейжай қарамай құқық бұзушылықпен, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу әрбір азаматтың борышы екенін ұмытпағанымыз абзал.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале