3.05.2024, 15:32
Оқылды: 19

"Жаһанша" Жымпитыдағы үйіне келді

Астана қаласындағы музыкалық жас көрермен театрының Сырым ауданындағы сапары жалғасып жатыр.
PHOTO-2024-05-03-10-08-21
Өнер ұжымы кеше Сырым сахнасында жазушы Дулат Исабековтың повесі негізінде жазылған “Гауһартас” музыкалық драмасын қойды.
Бүгін театр актерлеры таңын Жымпитыдағы Алаш мұражайын тамашалаудан бастады. Алаштанушы Тұрсын Жұртбай: “Жымпитыдағы Алаштың ағаш үйі - қазақ Азаттығының қағбасы!” - дегендей, Сырым ауданындағы бұл тарихи нысан ХІХ ғасырдың басында Алаш үкіметінің Батыс бөлімшесінің резиденциясы қызметін атқарды. Кеңседе саяси қайраткерлер Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедовтер елдік қызметпен айналысқан.
PHOTO-2024-05-03-10-08-21 (1)
Айта кетейік, театрдың жұлдызды актерлерінің бірі Аян Өтепберген Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмде Жаһаншаның рөлін ойнаған болатын. “Жаһанша” бүгін Жымпитыдағы үйіне келді.
Бауыржан Ширмедин, 
Сырым ауданы, 
Фото: Айман Өтеғалиева
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале