Коронавирус жұқпасының таралуының алдын алу және БҚО бас санитариялық дәрігері қаулысының талаптарын орындау мақсатында полиция қызметкерлерімен 2020 жылдың 20 сәуірінен қалада күнделікті рейдтер жүргізіліп, блокбекеттерге бақылау бұрынғыдан да күшейтіледі.
Төтенше жағдай режімін бұзғандарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған және 10 АЕК (27780 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.
Бүгінгі күнге 476-бап бойынша 454 хаттама толтырылды. Оның ішінде 3 ескерту, 68 айыппұл, 154 әкімшілік қамау бар, 229 іс қаралу сатысында.
Батыс Қазақстан полиция департаменті азаматтардан карантиндік режімді қатаң сақтауды және полицияның заңды талаптарына түсіністікпен қарауды сұрайды. Бұл шаралардың бәрі сіздің және сіздің жақындарыңыздың денсаулығы үшін жасалып отыр.
Орал қаласына кіріп-шығу және қала ішіндегі қозғалыс үшін сіз stopcovid.kz сайтына тіркелуіңіз қажет.
Қозғалыс бойынша жаднама
Қала ішінде stopcovid.kz сайты арқылы қаланың жедел штабымен рұқсат берілген және қызметі тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз етумен байланысты кәсіпорындар қызметкерлері жүре алады.
Маршрут үй-жұмыс: жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болуы тиіс.
Қаланың блокбекеттерінен сыртқары кіріп-шығу: тұрғындар тіршілігін қамтамасыз ету үшін маңызды кәсіпорындар (коммуналдық кәсіпорындар, шаруа қожалықтары, мұнай-газ және құрылыс компаниялары, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмек құралдарын және пошталық қызметтерді жеткізушілер) мекенжайы міндетті түрде көрсетілген тауарлық- транспорттық жүкқұжат немесе іссапар парағы немесе жеткізу парағы немесе маршруттық парағы өзімен болуы тиіс.
zhaikpress.kz