2020 жылдың 19 маусым күні сағ.12:00-де (жергілікті уақытпен) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.Қ.Қабылбековтің қатысуымен «Департаменттің 2020 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша жедел және тергеу жұмыстарының қорытындылары туралы» тақырыбында брифинг өткізу жоспарлауда.
Іс-шара барысында аталған бағыттағы атқарылған жұмыс қорытындылары жарияланатын болады.
Өтетін орны: «Antikor Ortalygy» сервистік орталығы, 2 қабат, брифинг залы (Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 89/1).