4.05.2024, 12:00
Оқылды: 48

Казталовта «Таза Қазақстан» акциясы аясында көшеттер отырғызылды

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аудан орталығындағы «Достық» саябағында көшет отырғызылды. Экологиялық акцияға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов қатысып, аудан жастарымен бірге көшет отырғызды.

казталов (3)

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған болатын. Акцияның әр аптасы өзіндік тақырыптық сипатқа ие. Бүгін акцияға «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай аға буын өкілдері мен жастар бірлесе отырып өз үлестерін қосты.

казталов (1)

Аудан әкімі акцияға белсенді қатысқан жастармен кездесіп, өскелең ұрпақтың табиғатқа жанашырлығына ризашылығын білдірді.

-«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғатты мұны айтар тілі жоқ» дейді дана халқымыз. Біздің бар ғұмырымыз табиғатпен тікелей байланысты. Біз «Таза Қазақстан» сынды экологиялық акциялар арқылы халықтың табиғатқа жанашырлық сезімін оятамыз. Алайда бұл Мемлекет басшысы айтқандай бір реттік акция болып қалмауы керек. Әр күні қоршаған ортаға зер салып, экологиялық мәдениет қалыптастыруымыз қажет. Бүгін жастармен бірге терек отырғыздық. Бұл саялы бәйтерекке айналып, ауылдың көркеюіне септігін тигізеді. Бастысы жастарымыздың табиғатқа бей-жай қарамайтыны мені қуантып отыр, — деді Асланбек Ахметоллаұлы.

казталов (2)

Ауданымыздың барлық ауылдық округ орталықтары мен елдімекендерінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылуда.

Казталов ауданы

әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале