23.10.2020, 9:18
Оқылды: 51

eGov.kz порталы арқылы үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу қызметі қалай жүзеге асады?

ЭЦҚ немесе бір реттік жасырын сөз арқылы eGov.kz порталына кіреміз.

D1DB447E-5AC5-4AFF-8D16-240068FE1E90

Бастапқы бетте көлік және коммуникация бөлімі батырмасын басыңыз – Коммуникациялар – Қызметтер – Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисін таңдап, төмендегі нұсқаулықты орындасаңыз болғаны.

Үшінші тұлғаға порталда авторизацияланып, "Онлайн сұрау" батырмасы бойынша өту қажет.

1️⃣ қадам. Электрондық анықтамаға тапсырыс беру қажет жеке тұлғаның ЖСН-ін енгізу және "пайдаланушыны тіркеудің бар болуын тексеру" батырмасына басу керек.

Назар аударыңыз!

Пайдаланушы сұрау салуды алған сәттен бастап 2 сағат ішінде сұрау салуды келісу (бас тарту) керек. 2 сағат өткеннен кейін пайдаланушының жауабы саналмайды.

2️⃣ қадам. Керек анықтаманы таңдап, ЭЦҚ-мен немесе смс-пароль көмегімен қол қою керек.

3️⃣ қадам. Жеке кабинетте («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде) қызметті көрсету нәтижелерімен танысу.

Егер пайдаланушы үшінші тұлғамен электрондық анықтаманы алуын растаса, пайдаланушының атына алынған үшінші тұлға сұраған анықтама пайдаланушының жеке кабинетінде («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде), егер пайдаланушы сұрау салудан бас тартса, пайдаланушының жеке кабинетінде («Кіріс» бөлімінде) үшінші тұлға тиісті ақпараттық хабарламамен хабарланады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале