Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында ауыл азаматтарының туған жеріне көмектесуі игі дәстүрге айналды. Осы орайда Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылында ізгілікті іс жүзеге асты.
Жанашыр азаматтардың арқасында Қоскөл ауылының тұрғыны, І топ мүгедегі Боранқұл Ғарифоллаұлының үйі көгілдір отын желісіне қосылды. Жалпы құны 510 мың теңгені құраған бұл шаруаға демеушілік көрсеткен «КАЗ ОКК» ЖШС-нің жетекшісі Серікқали Жолымбет, «Мөлдір» шаруа қожалығының жетекшісі Төлеуалы Каримов, «Ренат» шаруа қожалығының жетекшісі Ренат Асқаров, «Жәрдем» шаруа қожалығының жетекшісі Қадырбек Жәрдемов және «Қали 07», «Қоскөл 07» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жетекшілері Айбек Жанахметов, Зейнел Есенғазиевтер қаржылай қолдау көрсетті.
Ауыл азаматына көмектесіп, жобаны іске асырған демеушілерге округ әкімі Қанат Мұқанов алғыс білдірді.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz