20.01.2021, 11:09
Оқылды: 61

Жәнібекте әскерге шақыру пункттеріне тіркеу басталды

Жәнібек ауданында жастарды әскери қызметке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау, білім деңгейін, таңдаған мамандығы мен дене даярлығын белгілеу мақсатында азаматтарды әскерге шақыру пункттеріне тіркеу басталды. Биыл аудан бойынша әскери есепке 17 жасқа толған 90-ға жуық жас жігіттерді тіркеу жоспарланды.

 IMG_20210119_170508

Жиында аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Арман Ахонов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мамытов жастармен әңгімелесіп, құжаттарын тексеріп, әскери қызметтің маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ жастар медициналық тексеруден өтті.

IMG_20210119_191049

Әскерге шақырту науқаны барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына қабылдау бойынша қосымша насихаттау жұмыстары да жүргізілді. Осы ретте Арман Жәрдемғалиұлы жастарға әскери қызметтің артықшылықтары мен мүмкіншіліктері туралы айтып берді.

 

Ә.Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале