Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады.
-Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл - нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы, -деп жазды Президент.
Көрісу осы кезге дейін Қазақстанның Батыс өңірі және Ресеймен шектесетін аймақтарда ғана сақталып қалған көне дәстүр еді. Соңғы жылдары Қазақстанда мейрам аясы кеңейіп келеді.
zhaikpress.kz