«Еңбектің үлкен – кішісі болмайды, тиісінше оны атқаратын қызметкердің де еңбегі лайықты бағаланып отыруы керек. Кәсіподақ – барлық еңбек адамының құқықтары мен құндылықтарының теңдей сақталуына жәрдемші», - дейді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Рахимов.
Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы мекемеде электрик болып қызмет ететін Жұмабек Өтеғалиевке «Ақжайық» шипажайына емделуге тегін жолдаманы табыстады.
Өтеғалиев Жұмабек Сәменұлы – өз ісінің шебері, нағыз адал еңбектің адамы. Дегенмен, денсаулығы сыр беріп, инсульті асқынған қызметкерге дәрігерлер де осы уақытқа дейін ем-дом қабылдап, шипажайларда демалып, денсаулығын күту жөнінде ескертулер айтып келген еді. Мекеме қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Хасанұлының жетекшілігімен, кәсіподақ комитетінің шешімімен Жұмабек Сәменұлы ағымдағы жылдың 19 сәуірінен бастап «Ақжайық» шипажайында дем алып, денсаулығын қалпына келтіруде.
Сонымен қатар, кәсіподақ комитетіне дәл осындай өтінішпен мекеменің аула сыпырушысы Владимир Георгиевич те келген болатын. Бастауыш кәсіподақ ұйымының шешімімен қызметкерге денсаулығын қайта қалпына келтіру үшін қаржылай қолдау берілді.
«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ