16.08.2021, 9:43
Оқылды: 37

Ақсуатта мешіт бой көтермек

Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылында мұсылмандар мешітінің қазығы қағылды. Аталмыш шараға ауылдық округ әкімі Жаннұр Ахметов пен БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайұлы қатысты.

 меш

Ақсуат ауылында мешіт салу мәселесі халық арасында 2013 жылдан бері талқыланып келеді. Әрине, кез-келген құрылысты жүргізу оңай емес. Мешіт салу мәселесі де жылдар бойы талқыға түсіп, күні кеше құрылысқа рұқсат алынып, жоба мақұлданған.

меш1

Жергілікті тұрғындар бірлесіп, бүгінде мешіт ауласы қоршалған. Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалығы өкілдері «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», құрылысқа қажетті материалдарды жинақтап үлгерген.

Мешіт қазығы қағылып, құран оқылып, садақа берілді. Осындай сауапты іске жұмылған жамағатқа ауылдық округ әкімі алғысын білдірді.

МЕШИТ6

- Ауылымызда мешіттің бой көтеруі – қуанышты жаңалық. Жылдар бойы күткен жақсылыққа бүгін жетіп, еңсеміз көтеріліп тұр. Мешіт салу – ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын талап етеді. Осы орайда ақсуаттықтардың жұдырық боп жұмылғаны қуантады. Округіміздегі кәсіпкерлер, қожалықтар, округ аумағында орналасқан зауыттардың басшылығы да қалыс қалып жатқан жоқ. Қуанышымыз құтты болсын! - деді Жаннұр Бекбауұлы өз сөзінде.

 

Әділет Зере,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале