26.08.2021, 14:28
Оқылды: 65

Кәсіпкер мешіт салу ісін қолға алды

Маусым айының басында Ақжайық ауданына қарасты Ақсуат ауылдық округі орталығында көлемі 11х11 метр болатын мешіттің құрылысы басталған болатын. Мешіт жергілікті кәсіпкер Ләззат Сейткерееваның қолдауымен жүзеге асқалы отыр. 890 тұрғыны бар ауылда бұған дейін мешіт болмаған.

 67

- Ауылдың жұмыссыз жүрген жастары нәпақа тапсын деген ниетте құрылысқа икемі бар 3 жігітті жұмысқа алдым, - дейді кәсіпкер.

-Нысанның құрылысы көктемде басталып, қазіргі таңда қарқынды жүріп жатыр. Бұл жұмыстың басында құрылыс маманы Ербол Рахматуллин бастаған іскер жігіттерге осы айдың басында «Жасыл ел» студенттік құрылыс жасағынан екі студент келіп қосылды.

Бір айта кететіні, жас студенттер Эльдар Мұрат пен Арсен Есқалиев осы айдың соңында мерзімң бітіп, жұмыстарын аяқтамақшы. Өткен айда Құрылысшылар күніне орай Арсен облыс әкімі Ғали Есқалиевтың алғыс хатымен марапатталды.

ммм

Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жерге судың да уақытылы жеткізіліп тұруы басты мәселелердің бірі. Бұл шаруаға жігерлене кіріскен ауыл азаматы Марат Құспанов өзінің жеке тракторы мен су тасығыш тіркемесімен су жеткізуде.

«Жақысның жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жұмысқа жұмыла кіріскен ауыл азаматтарының арқасында менің қолға алған ісім оңтайлы шешімін тауып жатыр. Әрине келісімшарт бойынша жалақыларын уақытында төлеп отырмын. Жауапкершілікті сезініп, уақытылы жұмыстарынан қалып көрмеген құрлысшыларыма Алла қуат берсін!» - дейді Ләззат Сейткереева.

 

Әсет Бисенғалиев,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале