23.09.2021, 16:38
Оқылды: 42

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Холдингтің еншілес компанияларының санын қысқарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның (АШҚҚҚ) «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға (АНК) қосылуы туралы шешім қабылданды.

6A99972B-BC6A-4396-AA0F-088DC7C221CE

АНК-ға АШҚҚҚ-ның микробизнесті кредиттеу, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру функциялары және «Дипломмен ауылға» жобасы аясында «Ауылдық ипотека» бойынша агент функциялары, «Даму» қорына – кредиттерді кепілдендіру бойынша АШҚҚҚ функциялары берілетін болды. Қайта ұйымдастыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге АНК кең филиалдық желісі базасында «бір терезе» қағидаты бойынша кредиттер алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте АӨК субъектілерін қаржыландырудың қолданыстағы шарттары сақталады. Отырысқа қатысушылар биылғы жылдың II тоқсанындағы тәуекелдер жөніндегі есепті, сондай-ақ Холдингтің басқармасы, Директорлар кеңесі, Корпоративтік хатшысы және Корпоративтік хатшының қызметі туралы ережелерге өзгерістер мен толықтыруларды бекітті.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале