Бөкей ордасында «Құстарды қарсылайық!» деген атпен бастау алған, акцияға мұрындық болған аудан жастары өз қолдарымен жасаған ұяларын бүр жарған терек бұтақтарына ілді.
Аталмыш шара барлық ауылдық округтерде де өз жалғасын тауып, қосқанатты достарын алақайлаған балалар құшақ жая қарсы алды.