2.05.2024, 22:48
Оқылды: 56

Үздік пікірсайысшылар анықталды

Тасқала ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығына 10 жыл толуына орай «JAINAI BER, TASQALA» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті. 

IMG-20240502-WA0108

Пікірлер додасы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бастамасымен, «Намыс» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 14-35 жас аралығындағы жастар қатысып, 16 фракция, 32 спикер сынға түсті. Нәтижесінд І орынды «Динозаврлар» фракциясы (Сарымсақов Айымбек, Самбаев Исламбек), ІІ орынды «Хайырлысы» (Жалмұқан Ерсұлтан, Салімгерейқызы Сумайя), ІІІ орынды «Момент» (Нуржанов Расул, Ғинетолла Гүлмаржан) иеленді.

«Үздік талпыныс» аталымына Зейнуллин Ақтілек пен Есполқызы Айша лайық деп танылса, «Үздік спикер» аталымы Салімгерейқызы Сумайяға берілді. «Үздік аналитик» болып Айболат Гүлім танылды. Ал Букенбаева Сымбат «Үздік төреші» атанды.Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен кубоктар табысталды. Турнирдің ең жас қатысушыларына да сыйлықтар берілді.

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале