Қазақстанда ауыр жүк көліктері үшін уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан мәліметке сенсек, көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Осылайша, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жолдарында қозғалысқа шектеу бар. Сондай-ақ, 23 наурыздан 1 мамырға дейін — Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады.