Нұр-Сұлтан қаласында Киокушинкай-кан карате спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің балға аяқты, балта жұдырықты спортшыларының басы қосылған байрақты бәсекеде облыс намысын Бәйтерек ауданы Щапов ауылының тұрғыны Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Әділ Байғуатов қорғады.
Бәсеке қорытындысында қарсыластарының барлығын тізе бүктірген Әділ Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Біраз жылдан бері осы спортты жанына серік еткен Әділ Байғуатов Киокушинкай-кан каратедан ҚР спорт шеберлігіне үміткер, Киокушинкай-кан карате спортынан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі атанып үлгерді.
Енді жас дарын басқа бәсі биік додаларға дайындықты бастап кетті.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы,
zhaikpress.kz