29.03.2022, 12:20
Оқылды: 37

Өлім жазасы Конституциядан алынады - министр Қуантыров

Өлім жазасы Конституциядан алынып тасталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

B7C1E7C0-42A1-4DEB-B905-13E8BE7734BA

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Құқық қорғау институттарын күшейту» бағытында 9 іс-шараны іске асыру көзделген.

«Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциялық соты құрылатын болады. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері регламенттеледі. Сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығы беріледі.

Сонымен қатар, өлім жазасы Конституциядан алып тасталады», - деді Әлібек Қуантыров.

Министрдің атап өтуінше, прокуратура органдарына азаптау туралы істердің айрықша тергеулігін белгілеу көзделеді. Сондай-ақ, «Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеу жоспарлануда. Жоғарғы сот кеңесінің конкурстық рәсімдерін онлайн-трансляциялауды және олардың қорытындылары бойынша егжей-тегжейлі, дәлелді түсіндірмелер жариялау енгізіледі», - деді ол.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале