8.04.2022, 9:45
Оқылды: 66

Мәжіліс депутаты аудандағы ахуалмен танысты

Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдай туындаған аудандардың бірі - Шыңғырлау. Табиғаттың тосын мінез танытуы елді мекендерге қауіпті жағдай төндіріп, қайсыбір жерлерде тұрғындардың қора-жайларына су кіріп, ауыл-аймақты қатыстыратын көпірлерді су шайып, аздаған мал шығыны да орын алды.

IMG-20220407-WA0112 (1)

Бүгінгі таңдағы жағдайды өз көзімен көріп, танысу үшін Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева ауданымызға арнайы іссапармен келді. Депутат сапар барысында Қайыңды ауылына бет бұрып, ауылдың бүгінгі жай-күйімен танысып, Алмаз ауылына кіреберістегі су ағысы бұзып кеткен көпірді қалпына келтіру жұмыстарын көріп қайтты.

IMG-20220407-WA0105

Мәжіліс депутаты бұл биылғы жылы халық басына түсіп отырған ауыртпалық екендігін, дей тұрғанмен кеткен шығындардың орны толтырылып, аса зардап шеккен тұрғындарға қолдау-көмек көрсетілетініне сендірді.
С.Имашевамен ауылдарды аралау барысында аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова  және тиісті мекеме басшылары  бірге сапарлас болды.

Г. Ботанова
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале