31.05.2022, 16:15
Оқылды: 51

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр - Қазақстан тарихының ең қайғылы беттердің бірі, Қазақстан үшін әрі қасіретті әрі қасиетті - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай бүгін Шыңғырлау ауданында қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш алаңында еске алу шарасы өтті.

IMG_4291

Митингке аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова, мекеме, бөлім қызметкерлері, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жерлестердің ұрпақтары, БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында аудандық мұрағат басшысы Н.Хрипченко азалы күннің тарихына тоқталып, сол бір тарих беттерінде қалған сұрапыл кезеңнің құрбандары туралы ақпаратпен бөлісті. Ал саяси-құғын сүргінге ұшыраған құрбанның ұрпағы Ғ.Канафин болашағымыз жарқын, еліміз тыныш болсын деген тілегін жолдады. Келесі кезекте аудандық мешіттің бас имамы Еламан Баядил құрбан болған бабаларымыздың рухтарына Құран бағыштады.

IMG_4374

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алып, ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.

IMG_4316

Жансая Аманжолқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале