3.06.2022, 10:45
Оқылды: 47

Оралда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 12,6 млн астам теңгені жымқырған

Оралда қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен мәлім еткеніндей, «SENIMDI UI» тұтыну кооперативі ретінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 2021 жылдың тамыз айынан бастап жеке адамдардан 12 млн 675 мың теңгені тартқан.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Сондай-ақ өткен жылдың наурыз айынан бастап криптовалюта саласындағы инвестициялық стартап жоба ретінде «Relictum-pro» қаржы пирамидасы ұйымдастырылған.

Бұл пирамида бойынша ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігі 1, 4-тармақтарына сәйкес қылмыстық іс тергелуде.

«Егер тұрғындар аталған қаржы пирамидаларының заңсыз қызметінен зардап шексе, БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне +7 (7112) 53-84-27 телефоны арқылы хабарласа алады. Айта кету керек, пирамиданың негізгі мақсаты – жаңа қатысушыларды тарту. Әдетте, пирамиданың негізін қалаушы қомақты соманы жинағаннан кейін төлеуді тоқтатады және барлық ақшаны алып, ізін жасырады», деп хабарлады ведомстводан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале