"Шетелден келген адам (азаматтығына қарамастан) кез келген елден шыққан кезде COVID-19 вакцинациясының толық курсын немесе сапардан және оқшауланудан соңғы 72 сағат ішінде теріс ПТР-тестін растайтын құжатты ұсыну міндетінен босатылады", - делінген Грузия премьер-министрі қол қойған құжатта.
Бұған дейін туроператорлар Грузияны жаңа бағыттардың бірі - қазақстандық туристер арасында фаворит деп атаған болатын. Алдын ала болжам бойынша, биыл Грузияға турларды сату өткен жылмен салыстырғанда шамамен 50 пайызға артады.