17.06.2022, 10:15
Оқылды: 188

Грузия туристер үшін ковид шектеулерін алып тастады

Грузия шетелдіктер үшін ковидке дейінгі кіру ережелеріне оралады. Жаңа шаралар 15 маусымда күшіне енеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме жасап.

photo_100779

"Шетелден келген адам (азаматтығына қарамастан) кез келген елден шыққан кезде COVID-19 вакцинациясының толық курсын немесе сапардан және оқшауланудан соңғы 72 сағат ішінде теріс ПТР-тестін растайтын құжатты ұсыну міндетінен босатылады", - делінген Грузия премьер-министрі қол қойған құжатта.

Бұған дейін туроператорлар Грузияны жаңа бағыттардың бірі - қазақстандық туристер арасында фаворит деп атаған болатын. Алдын ала болжам бойынша, биыл Грузияға турларды сату өткен жылмен салыстырғанда шамамен 50 пайызға артады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале