Астана күні мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласында 78 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сурет: qazaly.kz
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген дерек бойынша, 6 шілде күні елордада 78 бала өмірге келді. Олардың 46-сы - ұл, 32-сі - қыз бала.
Сәбилердің дүниеге келуі туралы есеп 6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін жүргізілді.
Еске салсақ, биыл жаңа жылда Нұр-Сұлтан қаласында 16 бала дүниеге келген еді.
Ал маусымда өткен референдум күні елордада 65 сәби туды . Оның 36-сы - ер бала, 29-ы - қыз бала.
Айта кетсек, Ұлттық статистика бюросының биыл қаңтар-сәуірдегі демографиялық ахуал туралы мәліметіне сәйкес, дүниеге келген сәбилер саны былтырғыдан 7,6 пайызға аз .