7.07.2022, 17:15
Оқылды: 126

Астанада қала күні 78 сәби дүниеге келді

 Астана күні мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласында 78 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

news_full1626340347b0dcee8b2d088008a73a24695b0f84c9

Сурет: qazaly.kz

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген дерек бойынша, 6 шілде күні елордада 78 бала өмірге келді. Олардың 46-сы - ұл, 32-сі - қыз бала.

Сәбилердің дүниеге келуі туралы есеп 6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін жүргізілді.

Еске салсақ, биыл жаңа жылда Нұр-Сұлтан қаласында 16 бала дүниеге келген еді.

Ал маусымда өткен референдум күні елордада 65 сәби туды . Оның 36-сы - ер бала, 29-ы - қыз бала.

Айта кетсек, Ұлттық статистика бюросының биыл қаңтар-сәуірдегі демографиялық ахуал туралы мәліметіне сәйкес, дүниеге келген сәбилер саны былтырғыдан 7,6 пайызға аз .

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале