21.02.2023, 9:15
Оқылды: 39

Қазақстан чемпионатында армия спортшылары төрт алтын жеңіп алды

Ақмола облысының Щучинск қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық, армиялық қоян-қолтық, толық жанаспалы қоян-қолтық ұрыстары және өзін-өзі қорғаудан Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

35cd712fafb843eea8306b8f7ef1e5bf_1280x720

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінен

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жарысқа қала, облыстардың және күштік құрылымдардың 450 спортшыдан тұратын 26 командасы қатысты.

– Чемпионат армия спортшыларының дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Қатысушылардың көптігінен финалға жету оңай болған жоқ. Біздің ендігі міндет – әлем чемпионаттарында сәтті өнер көрсету, – деп атап өтті Орталық спорт клубының самбо және қоян-қолтық жекпе-жектен жаттықтырушысы Асан Мәмбетқұлов.

«Қоян-қолтық» ұрысынан 73 келіге дейінгі салмақта Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы – Спорт комитетінің халықаралық дәрежедегі спорт шебері мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Әсет Анарбаев алтын медальді жеңіп алды. Қорғаныс ведомствосына тағы бір «алтынды» 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қарулы күштердің әскери қызметшісі майор Аман Шәкіртов әкелді.

Әйелдер арасында Қарулы күштердің қызметкерлері Орталық спорт клубының спортшылары 53 және 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аян Тұрсын мен Сора Рахмонова чемпион атанды.

Жалпы есепте Қорғаныс министрлігінің командасы төрт алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық бірінші орынға ие болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале