24.02.2023, 12:45
Оқылды: 70

Оралда көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды

Бүгін оралдық көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

133a9270-5fcd-460e-9244-080e455d9307 (1)

Фото: Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Исатай Джазықбаев көп балалы аналарға игі тілегін арнап, жеті және одан да көп бала дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін төрт анаға «Алтын алқа», алты бала дүниеген әкеліп, оларды тәрбиелегені үшін тоғыз анаға «Күміс алқа» белгілерін табыс етті.

Жыл басында дәл осындай құрметке 5 ана ие болса, бүгін олардың қатары 13-ке толықты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале