6.07.2016, 9:32
Оқылды: 65

Оралда Астана күніне арналған концерт өтті

FB_IMG_1467783096242Кеше кешкілік Қадыр Мырза Əлі атындағы мəдениет жəне өнер орталығының амфитеатрында 'Мəңгі жас -Астана' атты мерекелік концерт өтті.


Оған облыс əкімі Алтай Көлгінов, мемлекеттік құрылым, қоғамдық ұйым, этномəдени бірлестік жəне жұртшылық өкілдері қатысты.
Шара басында сөз алған өңір басшысы жиналғандарды Астана күнімен құттықтады.
-Биылғы ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығында Астанамыз 18-ге, яғни кəмелет жасқа толуда. Астана - Тəуелсіздігіміздің нышаны, біздің мақтанышымыз. Өңірлер, соның ішінде біздің облысымыз да Астанаға қарап бой түзейді. Осы мереке қарсаңында жақсы хабар жетті. Еліміз Орта Азия мемлекеттері арасында бірінші болып БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайланды. Мұның бəрі - Елбасымыздың сындарлы саясатының жемісі. Алдымызда тұрған міндеттер аз емес. Оны бəріміз бірігіп, ынтымықтасып жүзеге асырарымызға сенім мол, -деді өз құттықтау сөзінде Алтай Көлгінов.
Мерекелік концертте облыс əкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, жастар Мəдениет сарайы сынды өнер ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Сəкен Əбілхалықов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале