17.04.2023, 17:30
Оқылды: 125

БҚО-да жастарға жеңілдетілген несие беріледі

БҚО-да жастарға өз кәсібін дамыту үшін төмендетілген пайызбен несие беріледі. Бүгін облыстық комиссияның алғашқы отырысы өтті. БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында 10 шақты маманнан тұратын комиссия жастардың жобаларын қарап бастады. Комиссия алдына 27 жоба келіп түскен.

72B01977-907C-4122-ABCD-F0965A8CA46E

Биылғы жылдың наурыз айында жаңадан кәсіп бастағысы келетін не бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беру үшін құжаттар жинау басталған еді.

– Жастарға жеңілдетілген шағын несие беру жобасы бойынша біз осы жылдың наурыз айынан бастап азаматтардан өтінімдерді қабылдауды бастадық. Жобаның негізгі операторы – «Аграрлық несие корпорациясы» БҚОФ. Бүгін облыстық комиссияның алғашқы отырысы басталды. Біз 27 бизнес жобаны қарап шығамыз. Комиссия құрамында облыстық мәслихат депутаты, БАҚ өкілдері, облыстық жастар мәселесі жөніндегі уәкілетті орган өкілі, жұмыспен қамту басқармасының өкілі, бизнес саласының өкілдері және өңірлік кәсіпкерлік палатасының өкілі бар, - дейді БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Исатай Мыңбаев.

Бұл несие 21 жастан бастап 35 жасқа дейінгі аралықтағы жастарға беріледі. Несие алатын жастың әлеуметтік статусына қарамайды. Бастысы несие аламын деген жастың өзі жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болу керек және кепілге қоятын мүлкі болуы қажет. Несиеге берілетін қарыз сомасыны ең жоғарысы 5 млн.-ды құрайды.

Жылдық пайыз 2,5 пайыздан аспайды. Несиені қайтару мерзімі 5 жыл, тек мал шаруашылығы бағытына алатындар үшін 7 жылды құрайды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале