27.04.2023, 22:33
Оқылды: 34

Облыстық конференция өтті

Кеше Қараөзен мектеп-лицейінің базасында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Қос өзен тынысы: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында облыстық конференция оздырылды.

IMG-20230427-WA0010

Коференцияға облыстық экологиялық – биологиялық орталығы директордың оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі директор орынбасары Гүлжайна Нұралиева, экология бөлімінің меңгерушісі Ниязбек Ғатауов, облыстық экологиялық – биологиялық орталығының өсімдіктер әлемі бөлімінің меңгерушісі Фиягүл Қауымбаева, ауданымыздың бірқатар мектептерінің және аудандық балалар-жасөспірімдер турзимі және экология орталығының мамандары қатысты.

IMG-20230427-WA0012 (1)

Облыстық конференцияда «Қараөзеннің шығу тарихы», «Қараөзеннің  гидрологиясы», «Қараөзеннің флорасы мен фаунасы», «Сары өзеннің шығу тарихы мен қазіргі жағдайы», «Экологиялық туризм түсініктері», «Мектептің сыртқы, ішкі көгалдандырылынуына ландшафтық дизайн пайдалану және мектеп жанындағы оқу- тәжірибе үлескесі», «Мектепте тәжірибиелік эксперимент жұмысы арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру» тақырыптарында ғылыми жұмыстар таныстырылды. Сонымен қатар, облыстық экологиялық – биологиялық орталығының өсімдіктер әлемі бөлімінің меңгерушісі Фиягүл Қауымбаева «Бөлме өсімдіктерін және бір жылдық гүлдерді қалай дұрыс отырғызу керек?» және К.Мендалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Диамара Уразова  «Экомектептегі ішкі және сыртқы көгалдандыру жұмыстары» тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізді.

IMG-20230427-WA0009

Конференция қатысушылары арнайы сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар, конференция делегаттарына Қараөзен мектеп-лицейінің жұмысы және экологиялық бағытта атқарылып жатырған жұмыстар таныстырылды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале