Шымкент қаласында 2012 жылғы футболшылар арасында «BFL cup» республикалық жарысы өтті. Еліміздің әр аймағынан келген жас аяқдоп шеберлері бәсекесінің бас жүлдесіне 16 команда таласты.
Тараздық «Болашақ», шымкенттік «Ордабасы-2» және Шымкент қаласының намысын қорғаған «Шалқар» сияқты командалармен бір топқа түскен «Ақжайық – 2012» «Ордабасы – 2» және «Болашақ» командаларымен тең түсіп, «Шалқар» командасын 3:0 есебімен жеңді. Одан соң ¼ финалда Сарыағаш қаласының «Жігер» командасынан 1:0 есебімен басым түсті. Ал жарытай финалда «Ақжайық – 2012» Өскемен қаласынан келген «Алтай – 2012» командасымен күш сынасты. Қарсыластарына еш мүмкіндік бермеген оралдық футболшылар 3:0 есебін тіркеп, финалға жолдама алды.
Филлип Боггер мен Роман Пантюшевтен тәлім алатын футболшылар тунирдің ақтықсынында лаң иелері «Ордабасы – 1»командасымен кездесті. Тартысты өткен кездесу тағдырын шымкенттік жас футболшылар соққан жалғыз гол шешті. Осылайша «Ақжайық – 2012» турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ал командасын алға сүйреп, әдемі ойын өрнегін көрсеткен оралдық жас талант Жұбаныш Тілеков жарыстың «Үздік ойыншысы» атанды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz