13.01.2024, 16:00
Оқылды: 68

Абайсызда әкесін өлтірген ер адам сот залынан босатылды

"Павлодарда абайсызда әкесін өлтірген ер адам сот залынан босатылды", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

image_b (2)Фото: Pavlodarnews.kz / Константин Шелков

Жазатайым оқиға ауызша жанжалдан басталған. № 2 сотында ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі – "Абайсызда адам өліміне әкеп соғу" туралы іс қаралды.

Іс материалы бойынша, өткен жылдың 11 шілдесінде екі мас ер адам өзара сөзге келіп қалған. Әкесі еш жерде жұмыс істемейтін және бос жүрген 35 жастағы ұлын үйден қуып жібергісі келген.

"Жанжал кезінде жігіт әкесінің бетінен ұрып, бар күшпен итеріп жіберген. Әкесі тепе-теңдігін жоғалтып, басын жылыту батареясына соққан. Есін жоғалтып, орнынан тұрмақ болған. Алайда зейнеткер алған жарақаттарынан есін жимастан көз жұмған", - дейді № 2 сотының баспасөз қызметінде.

Мұндай қылмыс үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Сотталушы мүліктік залалды өз еркімен моральдік зиянды өтеген жағдайда жазадан құтылуы мүмкін. Бұл тармақ ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабы бірінші бөлігінің бірінші бөлімшесінде көзделген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, сотталушы сот залынан босатылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале