Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы инклюзивті білім беру виртуалды зертханасы презентациясын өткізді. Бұл платформа заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және барлық білім алушының ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Виртуалды зертхана – онлайн оқыту мен бейнеконференцияларды жазуға арналған заманауи жабдық. Зертханада болашақ педагогтерді даярлау бойынша ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы және біліктілікті арттыру курстарының тренерлері үшін педагогтердің инклюзивті практиканы іске асыруға дайындығын қамтамасыз ету бойынша оқыту курстарын өткізу жұмыстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ виртуалды зертхана қызметі шеңберінде қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру бойынша материалдар әзірлеу жоспарланды.