13.03.2024, 10:00
Оқылды: 41

Ірі қара мал экспортына қанша квота бөлінеді?

- 2024 жылдың 2 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасынан жасы 12 айдан асқан бұқаларды және 6 айдан жоғары қошқарларды әкетуге арналған сандық шектеулер ендіБұл шешім мал экспортын реттеуге және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға бағытталған, - деп жазады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. 

жп дала шынгырлау (8)

Көрнекі фото: zhaikpress.kz

11 наурыздағы  мәліметке сүйенсек, ІҚМ экспортына 35 290 квота, оның ішінде бордақылау алаңдарына 29 986 квота және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 5 304 квота берілдіЖасы 12 айдан асқан бұқашықтарды әкету лимиті 60 000 бас, бордақылау алаңдары үшін 30 000 басқа және тауар өндірушілер үшін 30 000 басқа бөлінеді.

Министрліктің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта бордақылау алаңдарына ірі қара малын экспорттауға бөлінген квота таусылған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндір шілер үшін қалған квота - 24 696 бас. Сондай-ақ ұсақ малдың экспортына 7 580 квота, оның ішінде бордақылау алаңдарына 6 150 квота және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге - 1430 квота берілген.

Айта кету керекквоталарды бөлу тауарлар экспортына лицензиялар беру кезінде «Е-лицензиялау» порталы арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале