15.03.2024, 21:00
Оқылды: 83

Қайырымдылық күні: қараөзендік мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

Наурыз – мейірімділік пен татулық мейрамы. Сондықтан мереке күндері мұқтаж жандарға қол ұшын созу, мейірімділік таныту Наурыздың қадірін арттыра түседі. Еліміздің түкпір-түкпірінде қайырымдылық, мейірімді насихаттайтын түрлі іс-шаралар өтуде.

image-15-03-24-08-49-1

Бүгін Наурызнама онкүндігінің жоспарына сәйкес 15 наурыз – қайырымдылық күніне байланысты Қараөзен ауылдық округінде қайырымдылық іс-шаралар өткізіліп, мұқтаж жандарға көмек көрсетілді.

Атап айтатын болсақ, ауыл тұрғындары Болғанай Габдуллина мен Нұржан Дарынның отбасына кіріп, келе жатырған мейраммен құттықтап, ауылдың жеке кәсіпкерлері Гүлсара Қуандықова мен Күміс Төлеуғалиеваның қолдауымен, азық-түлік және шаруашылық тауарлары табысталды.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале