13.05.2024, 10:00
Оқылды: 34

2024 жылдың суару кезеңінде Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 миллион текше метр су алады

2024 жылдың суару кезеңінде Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 миллион текше метр су алады.

IMG_20240513_095427_189

Фото: ortcom.kz

Сондай-ақ, отырыста осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін Нарын-Сырдария су қоймалары каскады жұмысының болжамды кестесі бекітілді.

Отырысқа қатысушылар жыл басынан бері еліміз төрағалық ететін Халықаралық Аралды құтқару қоры аясындағы жұмысты жеке талқылады. Бүгінгі күнге Қазақстан тарапы барлық ұйымдастыру жұмысын аяқтады.

Сондай-ақ «Орталық Азия елдері арасында су-энергетикалық ынтымақтастық тетігін құру туралы» келісім жобасы әзірленіп жатыр.

«Қазір біздің басты міндетіміз - тасқын суын жинау. Біз оны Каспий, Балқаш, Қамыс-Самар көлдеріне, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне және т.б. бағыттаймыз, бірақ сонымен қатар оңтүстік өңірлерді де сумен қамтамасыз ету маңызды. Бұл мәселеде су дипломатиясы өте маңызды», - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

МСШҮК-нің келесі отырысы осы жылдың қыркүйек айында Түрікменстанда өтеді.

ortcom.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале