3.06.2024, 9:15
Оқылды: 11

Алматы фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан әлем кубогін қабылдайды

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы (FIS) фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан жаңа маусымдағы жарыстар тізбегін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

1717040360

Фото: olympic.kz

Жарыс кестесіне сәйкес, әлем кубогі кезеңдерінің бірі Алматыда өтеді. Халықаралық сын 2025 жылға жоспаралған.

Фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңі 21-23 ақпан күндері ұйымдастырылмақ.

Олимпиадалық маусым биылғы 29 қарашада басталады.

Алғашқы әлем кубогі кезеңін Финляндияның Рука қаласы қабылдайды.

Ал әлем чемпионаты 2025 жылдың 17-30 наурыз күндері өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале