Елімізде 45 000-нан астам педагог біліктілігін арттырған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімеді.
Фото: istockphoto.com
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының хабарлауынша, 2024 жылдың 1 жартыжылдығында мектепке дейінгі білім беру бойынша 8 595 педагог, орта білім беру бойынша 36 707 педагог оқытылды.
Жыл соңына дейін 80 000-нан астам педагогтің білімін жетілдіру жоспарланып отыр.